"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Еңбек аулының негізгі орта мектебі" КММ
КГУ "Основная средняя школа села Енбек отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектебімізде гуманитарлық пәндер онкүндігінің жоспарына сай , қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Мұқағали оқулары» әдеби-сайысы өтті.

08.03.2026

Аталған шараның мақсаты – ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, көркемсөз оқу шеберлігін дамыту және жас ұрпақты рухани құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу.

Сайысқа 5–9 сынып оқушылары белсене қатысып, ақынның жүрекке жетер жырларын мәнерлеп оқыды. Қатысушылар өлең мазмұнын терең түсініп, сахна мәдениетін сақтай отырып, жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Сайыс барысында 8-сынып оқушысы Болат Аруна ақынның әнін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Әділқазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

  • 🥇 І орын – 5-сынып оқушысы Олжабаева Айару
  • 🥈 ІІ орын – Илияс Инжу
  • 🥉 ІІІ орын – Болат Аруна
Просмотров: 11


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст